Елімізде қоғамдық орындарға нұқсан келтіретін граффитиге тыйым салынуы мүмкін. Сондай-ақ, ғимараттарға сурет пен таңба салуға да жауапкершілік қарастырылмақ. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, биыл 4 ұсақ бұзақылық тіркеліп, табиғи нысандар мен мәдени мұра ескерткіштерін қорлау бойынша, 11 қылмыстық іс қаралған. Еріктілермен бірге 80 мыңнан астам суреттер, жазулар, граффити өшіріліпті. Есірткіні жарнамалағаны үшін 81 іс қозғалып, 19 адам сотталды. Айта кету керек, мұндай әрекет үшін жаза қарастырылған.
Құралай Карина, ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары:
- Бұл ретте «Заң және тәртіп» конституциялық қағидаты жұмыс істейді. Яғни, қоршаған ортаны құрметтеу, әрбір азаматтың құқы және жеке жауапкершілікті де сақтау маңызды. Бұл тұрғыда ұсақ бұзалық үшін де шара қолданылмақ. Қазір, алдын-алу шараларын күшейтіп жатырмыз. Біраз істер қолға алынды..