Абай облысының Аягөз ауданындағы дала өртін сөндіру жалғасып жатыр. Тілсіз жау Тарбағатай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағына да тараған. Қызыл жалынды ауыздықтауға 450-ге жуық маман мен 105-тен астам техника жұмылдырылды. Өрт таулы әрі жетуі қиын жерде болғандықтан, сөндіру жұмыстарына авиация тартылған. «Қазавиақұтқару» және Шекара қызметінің екі әуе кемесі 22 рет су төккен. Елді мекендерге қауіп төнген жоқ.