21 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, батысында көктайғақ, солтүстік-батыста бұрқасын күтіледі.
Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, жел (15-20 м/с) күшейеді. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, күндіз жел (15-20 м/с) күшеюі күтіледі. Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, жел (18 м/с), түнде бұрқасын болады. Атырау облысында тұман, көктайғақ болады. Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында жел (15-20 м/с) күшейеді. Маңғыстау, Павлодар, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады.
Ақпарат көзі: Қазгидромет