Қаңтардың соңғы күндері қандай болады?
Қаңтардың соңында әдетте аяз күшейіп, үскірік жүреді.
Қазақ халқы бұл өзгерісті қыс «шілдесі» деп атаған. Сақылдаған сары аяз адамдар мен төрт түлікті әбігерге салады. Жұлдызнамашылар Үркер мен Ай арасындағы бұрыш тіктөртбұрыш жасап орналасса, «Қыс шілдесі» басталады деп есептеген.
Ал қаңтар айының 15-і мен 19-ы аралығында ат құлағы көрінбейтін борандар соғады. Бұны аталарымыз «Бөрісырғақ» деп атаған. Қаңтардың қатты аязы 18-нен 19-на қараған түні қасқырдың арланы мен қаншығы жұптасады. Көнекөз қариялар қаңтардың осы түнін «Бөрісырғақ» деп атаған. Дегенмен кей деректерде «Бөрісырғақ» кезеңі ақпанның ортасы ауған мезгілде басталады.