Таразда облыс әкімінің жаңажылдық шыршасы өтті
Таразда облыс әкімінің жаңажылдық шыршасы өтті. Мерекелік іс-шараға ерекше күтімді қажет ететін оқушылар мен көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан 100 бала шақырту алған. Бүлдіршіндер өңірдің барлық ауданы мен облыс орталығынан жиналды. Мерекеде Аяз Ата мен Ақшақардың және аниматорлардың қатысуымен қойылым көрсетілді. Оқушалардың барлығына 80 мың теңге мен арнайы сыйлықтар табысталды. Жалпы аймақта көпбалалы отбасынан шыққан 39 879 оқушы болса, 9400 баланың мүгедектігі бар.