Адам ағзасын саудалаумен айналысқан халықаралық қылмыстық топтың бір мүшесі 35 жастағы әйел ұсталды.
Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, ол 5 жылдан бері халықаралық іздеуде болған. Күдіктіні Польша құқық қорғау органдары, Украина-Польша шекарасындағы теміржол өткізу пунктінде құрықтаған.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, қылмыстық топқа Израиль,Украина, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан азаматтары тартылған. Олар Қазақстанда 2017-2018 жылдары заңсыз трансплантация операцияларын ұйымдастырып, ағзаларды сатумен айналысқан. Ал ұсталған әйел донорлар мен ағза алушыларды қарсы алып, медициналық тексерістен өткізуді ұйымдастырып, құпиялылықты сақтау жұмыстарын жүргізген. Қазір күдіктіні Қазақстанға беру мәселесі шешілуде.