Гүлнәзия Жалғасқызы, тілші:
– 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеріледі. Бұл өзгеріс жұмыссыз қалған азаматтардың қалтасына түсетін әлеуметтік төлем көлеміне де тікелей әсер етеді.
Бұған дейін жұмысынан айырылған азаматтар мемлекет көмегін алты айға дейін алып келсе, енді төлем ұзақтығы еңбек өтілі мен әлеуметтік аударымдардың кезеңіне қарай сараланады. Ең төменгі жалақы көлемінің артуына байланысты уақытша жұмыссыз қалғандарға берілетін төлемнің ең жоғары мөлшері 346 мың 500 теңгеге дейін ұлғаяды.
Бұл туралы құзырлы министрлік өкілі мәлімдеді. Яғни мемлекеттен берілетін қолдау көлемі артады. Бірақ оның көлемі әр азаматтың еңбек жолы мен әлеуметтік аударымдарына қарай айқындалады.
Ескерте кетейік, бұл қаражатты жұмыссыз жүргендердің бәрі бірдей ала алмайды. Өйткені төлемнің нақты мөлшері адамның соңғы екі жылдағы орташа табысы мен әлеуметтік аударымдарына байланысты есептеледі. Айтпақшы, ай сайынғы төлемді сізге алты ай қатарынан төлеуші еді ғой. Енді төлем мерзімі алты айдан 3 айға қысқарады. Егер сіз 1 жыл ғана ресми түрде жұмыс істесеңіз, сізге тек 1 айға ғана тағайындалады. Ал 2 жылға дейін болса 2 ай, 2 жылдан көп тәжірибеңіз бар болса онда 3 ай аласыз.
Ерлан Мұқан, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ ресми өкілі:
– Мерзім ғана қысқарған жоқ. Мансап орталықтарының да жұмысы қысқарады, кәсіби тәжірибесі лайықты жұмыс орнын қарап, сөйлесуге дейін сүйемелдейді. Ол азаматқа жұмыссыз тағайындалады. Шекті 770 мың теңге.
Бүгінде жұмыссыз жүрген азаматтарға барлық жағдай жасалған. Оған тіпті жасанды интеллект көмектеседі. Әуелі өзіміз үйренген eGov порталы арқылы қалай тіркелеміз? Cоған тоқталсақ.
Enbek.kz платформасындағы жаңа цифрлық қызмет азаматтың келісімі мен білімі, еңбек өтілі мен кәсіби дағдылары негізінде түйіндемені автоматты түрде қалыптастырады. Жасанды интеллект үміткердің біліктілігі мен қалауына сай бос жұмыс орындарын іріктейді. Көмекші арқылы үйіне жақын жұмысты іздеуге, қалаған жалақыны көрсетуге, басқа өңірлердегі ұсыныстарды қарауға және мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат алуға болады.
Қысқасы, келер жылы сіз 13 күн ішінде лайықты жұмыс таба алмасаңыз, сізге ресми түрде жұмыссыз мәртебесі беріледі. Бұдан кейін де мансап орталығы оған бос жұмыс орындарын іздеуді жалғастырады. Қажет болған жағдайда қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өту де ұсынылады.
Айтпақшы, елімізде жұмыспен қамту орталықтарында ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркелгендер саны 350 мыңға жуықтады.