Осы жексенбі елде маңызды саяси науқан – Мәслихат сайлауы өтеді. Ең жоғары бәсеке Түркістан облысында. Мұнда бір депутаттық орынға 4-5 кандидаттан таласқа түсіп отыр.
Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте айтылды. Жалпы 20 өңірдегі 334 орынға 97 партиялық тізім ұсынылыпты. Депутаттықтан үмітті 1 мың 165 кандидат тіркелген.
Ел бойынша орта есеппен бір орынға 3-4 үміткерден келеді. 29 қарашада мәслихат сайлауы күні Қазақстанда 10 мың 338 учаске жұмыс істейді. Электорат тізіміндегі сайлаушылар саны 12 миллион 680 мыңға жуықтайды.
Орталық сайлау комиссиясы соңғы дайындықты пысықтады. Әр өңірде құрылған штабтар учаскенің жағдайы бойынша есеп берді. Ал бүгін – саяси үгіт-насихаттың соңғы күні.