Хабар телеарнасы

Еліміздің басым бөлігінде қатты аяз болады

Еліміздің басым бөлігінде қатты аяз болады

Тек батысында, солтүстік-батыста кей жерлерде аздаған қар күтіледі. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, батысында көктайғақ, солтүстік батыста кей жерлерде бұрқасын күтіледі.

Республиканың бірқатар өңірінде қатты аяз болады. Осыған байланысты Қазгидромет дауылдық ескерту жариялады.

22-26 қаңтар аралығында Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында қатты аяз, түнде -35-40°С,  24-26 қаңтарда өте қатты аяз -45°С, күндіз -27-32°С, кей жерлерде -35°С күтіледі.

22-26 қаңтар аралығында Қостанай облысында қатты аяз, түнде -33-38°С, күндіз -20-25°С күтіледі.

Астана қаласында 23-26 қаңтар аралығында қатты аяз, түнде -35-40°С, күндіз -27-32°С күтіледі.