Алдағы үш тәулікте қатты аяз сақталады
Өткен тәуліктерде орталық, оңтүстік-шығыс және оңтүстік облыстардың кей жерлерінде ауа температурасы климаттық нормадан 3-8°С төмен, ал солтүстік пен шығыста 10-18°С, Қиыр Шығыста нормадан 20-23°C төмен болды.
Сол уақытта республиканың батыс облыстарында оңтүстік-батыс тропосфералық ағынның әсерінен, Иран мен Қара теңіз аудандарынан жылы ауа келіп, бұл осы жерлерде ауа температурасының нормадан 3-5°С жоғары көтеруде. Қаңтардың 25-27 күндері батыс пен оңтүстікте кей жерлерде төменгі боран, екпіні 23-28 м/с, 15-20 жел соғып, бұл 200-500 м дейін көруді нашарлатады.
Қазақстанның үш облысында болжанатын қатты желге орай дауылды ескерту жарияланды. Қызылорда облысында 24 күндіз, 25-27 қаңтарда тәулік бойы шығыс, солтүстік-шығыс желі кей жерлерде 18-23, кей уақыттарда екпіні 30 м/с және артық болып сақталады.
Ақтөбе облысында 24 күні күндіз, 25 қаңтарда тәулік бойы кей жерлерде оңтүстік-шығыстан соққан желдің күші 18-23, кей уақыттарда екпіні 30 м/с және одан аса сақталады.
Оңтүстік Қазақстан облысында 25-27 қаңтарда кей жерлерде солтүстік-шығыстан соққан желдің күші 18-23, кей уақыттарда екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі.