Қазақстанның бірнеше облысында қатты аязға байланысты ескерту жарияланды
- Категория: Ауа райы

«Бүгін және алдағы екі тәулікте, яғни 30-31 қаңтарда температураның төмендеуі мен мұз қатуына байланысты Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Сырдария өзенінде мұз түзіліп, су мөлшерінің жоғарылауы, судың тасуы мен су деңгейінің көтерілуі мүмкін», – деп хабарлады синоптиктер.
Ал Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел күшейіп, жылдамдығы секундына 23-28 метрге жетеді. Жамбыл облысында бұрқасын, тұман болады. «Алматы облысында түнде кей жерлерде тұман түседі», – деп ескертеді мамандар.