СҚО-да қолайсыз ауа райы тұрғындарды әбігерге салды
Қысы қатты келетін Солтүстік Қазақстан облысында ауа райы мың құбылып, жұртты әбігерге салуда. Өңірде сынап бағанасы +1 градусқа көтеріліп, жаңбыр жауды. Салдарынан еріген қар суы көшелерге жайылды.
Тұрақсыз күн райы қалада коммуналдық қызметті де аяғынан тік тұрғызды. 10 астам техникамен мамандар үй аулаларымен көшелерде су сору жұмыстарымен айналысуда. Қалалық әкімдік өкілдері тұрғындар тарапынан шақыртулардың саны артқандығын айтады. Сол себепті қала тазалығына жауапты компания күшейтілген режимге көшті.
Әсем Айтулова, қала әкімінің баспасөз хатшысы:
- Коммуналдық қызметтер таңнан бері жұмыстарды атқарып жатыр. Қазіргі таңға дейін 10 техника 20 адам жұмылдырылып отыр жұмысқа. iKOMEK ситуацияық орталығына тұрғындардан қоңыраулар келіп жатыр. Жаңағы аулаларды, көшелерді су басқаны туралы. Жұмыстардың барлығын қазір жасап тастау керек. Себебі арты көктайғаққа ұласуы мүмкін.