СҚО-да қар құрсауынан 8 адам құтқарылды
Оның үшеуі - бала. Түнде жолға шыққан олар Ақжар ауданы Бостандық ауылына барар жерде қарға батып қалған. Өздігімен шыға алмаған соң, жолаушылар «112» нөміріне хабарласады. Төтенше жағдайлар қызметкерлері аудан орталығынан жол талғамайтын арнайы көлікпен шығып, тұрғындарды ауылға жеткізген.
Нұрсұлтан Молдабаев, Ақжар ауданы ТЖБ аға инженері:
- Жолаушылар зардап шеккен жоқ. Көлікті жолдың жиегіне шығарып, құтқарылған адамдарды арнайы көлікпен Бостандық ауылына жеткізілді. Дәрігердің көмегіне ешкім жүгінген жоқ.
Сондай-ақ ақмолалық құтқарушылар қарлы боранда толғағы қысқан әйелді шұғыл перзентханаға жеткізген. Түнде ол босанып, дүниеге қыз келді. Нәрестеге анасы құтқарушының есімін беруді ұйғарып, «Амангелді» деп атаған екен. Амангелді Доскенов бастаған аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлеріне алғысын айтқан.