Еліміздің оңтүстігінде қуаңшылық болуы мүмкін
Себебі тау басындағы қар түсімі аз. Атап айтқанда, Алматы, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарында су арналарына тау өзендерінен түсетін су жылдағыға қарағанда бірнеше есе төмен. «Демек осы аймақтардың шаруалары биыл су тапшылығын сезінуі мүмкін»,- дейді синоптиктер.
Ал еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерінде жағдай керісінше. Және ол көпжылдық нормадан артық. Яғни егін егу кезеңіне дайын. Аймақты су басу қаупі бар. Мысалы, Тарбағатай тауларының басындағы қалың қар әлі еріген жоқ. Егер ауа райы күрт жылынса, аймақта судың көбейетіні анық.
Ал Қазгидромет болжауынша, ауа райы солтүстік пен шығыстағы өңірлер үшін қолайсыз болады.
Жұлдыз Исабекова, «Қазгидромет» РМҚ ұзақ мерзімді ауа райы болжамы басқармасының бөлім басшысы:
Жауын-шашын Қазақстанның басым бөлігінде күтіледі. Алдағы 3-5 күнде. Солтүстік, Орталық, Шығыс өңірлерде кей күндері қатты жауын-шашын болуы мүмкін. Ал сәуірдің 15-нен 20-на дейін ауа температурасы Қазақстанның басым бөлігінде біртіндеп жоғарылайды.