Ел аумағында +46 градусқа дейін ыстық болады
Ел аумағында ауа температурасы 46 градусқа дейін көтеріледі. Бұл - Ираннан келе жатқан ыстық ауа ағынының әсері. Алдағы үш күнде еліміздің оңтүстігіндегі кейбір аймақтарда термометр көрсеткіші +46-ға дейін көтеріледі, - дейді синоптиктер. Ал, солтүстік пен батыс өңірлерде алдағы екі күнде жаңбыр жауады. Маусымның 27-сінен бастап мұнда да ауа-температурасы 38 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Сондықтан, Казгидромет мамандары дауылды ескерту жасады. Ал, дәрігерлер созылмалы ауруы бар азаматтарға сақтану керегін ескертті.
Әйгерім Исламова, №5 қалалық емхананың бөлім меңгерушісі:
- Күннің ыстық аптасында яғни, 35 градустан жоғары қандай адамдарға қауіпті болып табылады? Яғни, бұл ең бірінші жүкті әйелдерге, егде жастағы адамдарға және кіші балаларға, яғни кішкентай балаларға және де жүрек-қан тамырлары ауруларымен ауыратын адамдарға.