Хабар телеарнасы

Ақтөбеде ауа температурасы 40 градустан асады

Ақтөбеде аптап ыстық. Түсте ауа температурасы 40-43 градустан асады. Күннің бұлай ысуы, созылмалы дерті бар жандарға қауіпті. Өңірде жүрек-қантамыр, тыныс жолы аурулары, қант диабетіне шалдыққандар мен егде адамдарға, жүкті әйелдер мен сәбилерге күн өту дерегі жиілеген.

Салдарынан жедел жәрдемнің жұмысы қауырт. Бұған дейін тәулігіне 800-ге жуық шақырту түссе, қазір қоңырау саны мыңнан асады. Тек соңғы 4 тәулікте қан қысымы көтерілген 561 науқас тіркелген. Сондықтан медицина қызметкерлері есепте тұрғандарға өздері баруда. Ал синоптиктер «мұндай ауа райы аптаның соңына дейін сақталуы мүмкін»,- деп болжап отыр.

Ботагөз Мэлсова, емхананың бөлім меңгерушісі:

- Пациенттерге осы ысқтықта далаға шықпа деп кеңес береміз. Өйткені ыстықта далаға шығып, құлап қалуы мүмкін. Сондықтан күніне 5-6, кейде онға дейін шақыру болады. Аймақтағы дәрігерлер мен медбикелер үйге барып, дәрісін апарып беріп қарайды, қан қысымын өлшейді. Дәрілер тағайындайды.