Хабар телеарнасы

Ақтөбе су қоймасында кешенді жөндеу басталды

36 жыл бұрын салынған гидротехникалық құрылғы бұған дейін күрделі жөндеу көрмеген. Су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасына сәйкес стратегиялық нысанның су өткізетін барлық құрал-жабдығы мен бөгеті жаңарады. Елек өзені бойындағы жасанды көл 245 млн текше метр су жинап, сақтауға қауқарлы. Алайда биыл көктемде ернеуіне жетіп, 540 млн текше метр су өткізген. Су қоймасы тасқынның алдын алып, шаһар халқының қауіпсіздігін қамтамасыз етті.  

Елібай Ізмаханов, «Ақтөбе» су қоймасының басшысы:
- Жоғарғы және төменгі су өткізу каналдары, эксплуатациялық және көктемгі су тасқынында ашылатын арналары жөнделеді. Инженерлік-техникалық бөгеттері бекітіледі. Қазір су қоймасын ашып, суын азайтып жатырмыз. Бөгеттің етегіне жеткен соң бекіту жұмыстары басталады.