Хабар телеарнасы

Еліміздің бірқатар аймағында жаңбыр жауады

Еліміздің бірқатар аймағында жаңбыр жауады

Батыс пен орталықта түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі. Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, күндіз Ақмола, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. 

Атырау облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады, күндіз жел 15-18 м/с күшейеді. Қарағанды облысында түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі. 

Күндіз Алматы облысында қатты ыстық күтіледі. Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Алматы облыстарында, Жамбыл, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ақпарат көзі: emer.gov.kz