Алдағы тәуліктерде құбылмалы ауа райы сақталады
Сондықтан демалыс және дүйсенбі күндері республиканың көптеген облыстарында құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, найзағаймен бірге ұйтқымалы жел тұрады және бұрынғыша орташа жылылық сақталады.
Таңғы сағаттарда солтүстік облыстарда тұман түсуі мүмкін. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, шығыста жазғы жылылық сақталады және жауын-шашынсыз болады.