Ел аумағында құбылмалы ауа райы сақталады
Мұнда температура 1-3ºС маңында және нормадан төмен болады. Бірақ Ресейдің Еуропалық бөлігінен ығысқан атмосфералық фронтпен, жексенбіде батыс, солтүстік және орталық облыстарда жаңбыр жауып, дүйсенбі кей кездері сулы қарға жалғасады.
Республиканың солтүстігі мен орталығында түнгі сағаттарда тұман мен көктайғақ күтіледі. Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-батыс пен оңтүстік-шығысында алдағы үш тәулікте жылы және жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.