Хабар телеарнасы

Оңтүстіктегі екі облыста алғашқы қар жауды

Таразда күндіз басталған жаңбыр кешке қарай қарға ұласып, тұрғындарды таңғалдырды. Синоптиктердің айтуынша жауған қар таңға дейін еріп кетеді. 

Ертең ауа температурасы 4-6 градусқа дейін көтеріледі. Ал бүгін қалада жылу беру маусымы басталды.