Еліміздің кей жерлерінде қар жауады
Қостанай, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Таңертең жөне күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Павлодар облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады, түнде жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысында түнде тұман күтіледі. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.
Қарағанды облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында жаяу бұрқасын, түнде тұман болады. Жел 15-20 м/с күшейеді.
Дереккөз: emer.gov.kz