Алдағы 3 күнде қалың қар жауып, аяз түседі
Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде қалың қар жауып, аяз түседі. Метеорологтардың мәліметінше, алдағы демалыс күндері Ресейдің еуропалық бөлігінен келетін суық циклон Қазақстанның басым бөлігі арқылы өтеді. Мамандар еліміздің батыс, солтүстігі мен орталығында -25-30 градусқа дейін аяз күтілетінін айтады. Ал шығыста 15-20 градус, оңтүстік аймақтарда ауа температурасы 5-15 градусқа дейін төмендейді.