Алдағы тәулікте Қазақстанның барлық аумағында қатты жел тұрады деп күтілуде
Алдағы үш тәулікте Қазақстанның барлық аумағында температура көтеріліп, кей жерлерде қар жауып, боран соғып, қатты батыс желі тұрады деп күтілуде.
Таяу арадағы тәуліктерде оңтүстікте, оңтүстік-шығыста суық антициклон өз ықпалын сақтап қалған, ол да бұзыла бастады, бұл температураның көтерілуіне апарып, кей жерлерде қар жауып, көктайғақ болуы ықтимал.