Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады
Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында жел 15-20, кей жерлерде 25 м/с күшейеді, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Ақтөбе облысында жаяу бұрқасын күтіледі.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с күшейеді, Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын күтіледі. Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерінде тұман, көтайғақ, бұрқасын күтіледі.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау олыстарының кей жерлерінде тұман, Жамбыл, Атырау облыстарында көктайғақ болады. Алматы, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Дерекөз: emer.gov.kz