Республиканың солтүстігі мен шығысында бұрқасынды қар жауады
Республиканың солтүстігі мен шығысында бұрқасынды қар жауып, күшті батыс желі соғады. Еліміздің батысы мен орталығына, сондай-ақ кей жерлерге қар жауады, бірақ күндізгі температура минус 3, плюс 3ºС болып, бұл жерлерде көктайғақ та күтіледі.
Қазақстанның оңтүстігінде 2 желтоқсанда күндіз, 3 желтоқсанда оңтүстік-шығысында температура плюс 2, плюс 10ºС дейін көтеріліп, жауын-шашын түседі. Басымырақ жаңбыр жауып, аяғы сулы қарға ұласады.
Сондай-ақ екпінді оңтүстік-батыс желі де күтілуде. Жолдарда, әсіресе қала сыртында өте абай болыңыздар.