Республиканың солтүстігі мен шығысында бұрқасынды қар жауып, жел соғады
Республиканың солтүстігі мен шығысында бұрқасынды қар жауып, күшті батыс желі соғады. Еліміздің батысы мен орталығына, сондай-ақ кей жерлерге қар жауады, бірақ күндізгі температура -3 , +3ºС болып, бұл жерлерде көктайғақ та күтіледі.
Қазақстанның оңтүстігінде 2 желтоқсанда күндіз, 3 желтоқсанда оңтүстік-шығысында температура плюс 2-ден плюс 10ºС дейін көтеріліп, жауын-шашын түседі, басымырақ жаңбыр жауып, аяғы сулы қарға ұласады. сондай-ақ екпінді оңтүстік-батыс желі де күтілуде. Жолдарда, әсіресе қала сыртында өте абай болыңыздар.