Семейде қолайсыз ауа райына байланысты сабақ тоқтатылды
- Категория: Ауа райы

Фото: фото:Егемен Қазақстан
Семейде бүгін таңертеңнен жаңбыр жауып, көшелер көктайғаққа айналды.
Осыған байланысты ертең бірінші ауысымдағы мектеп оқушылары мен колледждердің 1,2 курс студенттеріне сабақ тоқтатылды.
Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар басқармасынан хабарлады.
Сондай-ақ Семей-Өскемен, Өскемен-Алматы, Өскемен-Серебрянск бағытындағы жолдар да жабылғаны туралы мәлім болды.
Мамандар алдағы күндері қатты боран болуы мүмкін екендігін және тұрғындарға алыс сапарға шықпау жөнінде ескерту жариялады.
Авторы: Болат Көкенайұлы