Орал қаласындағы алғашқы қар халықты әбігерге салды
Оралда алғашқы қар жауды. Синоптиктер алдын ала ескерткенімен, қала халқы табиғаттың бұлай құбылуына дайын болмай шықты. Таң атысымен шаһарда үш жол-көлік оқиғасы тіркелді. Қар тазалау жұмыстарына 135 техника мен 300 адам жұмылдырылған. Өңірде ұлпа қардың салдарынан бес мыңнан астам абонент жарықсыз қалды. Орал қаласымен қатар, Теректі ауданының 6 елді мекеніндегі электр сымдары үзілген. Коммуналдық мекеме күшейтілген жұмыс кестесіне көшіп, желі бойындағы ақауларды шұғыл қалпына келтіруге кірісті. Орал қаласындағы тұрғын үйлерге біртіндеп жарық беріліп жатыр.
Тілек Харин, аймақтық электр желісі компаниясының өкілі:
-Қазір 30 бригада жұмыс істесе, облыс бойынша шамамен 150 адамдай жұмыс істеп жатыр. Қаланың ішінде қазір соңғы хабарда қалада 6 жерде 6 бригада жұмыс істеп жатыр.