Жаңа Конституцияда адам құқықтарын қорғау үлгісі елеулі түрде жаңартылды. Елімізде конституциялық заңдылықты нығайту, құқық үстемдігін қамтамасыз ету және азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау – мемлекеттің негізгі басым бағыттарының бірі ретінде айқындалды. Осы ретте айта кету керек, сот жүйесіндегі кадрлық реформа оң нәтижесін бере бастады.
Жоғарғы Сот Кеңесінің мәліметінше, кадрларды іріктеу процесінің барлық кезеңі цифрландырылды. Демек іріктеу барысы ашық. Әсіресе судьяларды тағайындау жүйесі түбегейлі жаңартылды. Конкурстық рәсімдердің ұзақтығы 6 айдан 1,5 айға дейін қысқартылды. Біліктілік емтиханы да жаңартылған. Бұрын үміткерлер барлық кезеңнен 1,5 жылда өтсе, қазір бұл процесс үш айға дейін қысқарды. Биыл төрт емтиханға 304 кандидат қатысып, оның 53-і ғана барлық кезеңнен сәтті өткен.
Айта кетейік, 2026 жылдың алғашқы жартысында аудандық соттарға 159 судья тағайындалды.
Жанат Оспанова, ҚР Жоғары сот кеңесінің мүшесі:
- Біздің мақсатымыз – кәсіби білігі жоғары, тәуелсіз әрі қоғамның сеніміне ие судьялар корпусын қалыптастыру. Бұл сот қызметінің басты бағдары. Соңғы 2 жылда бұл бағыттағы жұмыс жаңа сапалық деңгейге көтерілді, өйткені біз жекелеген рәсімдерді емес, тұтас кадрлық жүйені жаңартуға басымдық бердік.