Алматыға Қытайда жасалған алғашқы ұшатын госпиталь жеткізілді

  • 42
  • 03.07.2026, 19:44

Операциялық бөлме, диагностика кабинеті және емдеу құралдары. Мұның барлығы енді ұшақ ішінде.

Алматыға медициналық қызмет көрсетуге лицензиясы бар алғашқы ұшатын госпиталь келді. Қытайда құрастырылған С909 медициналық ұшағы Қазақстан-Қытай тауар көрмесінде таныстырылды. Әуе кемесі медициналық көмекті жедел жеткізуге арналған. Ұшатын госпиталь көз бен құлақ, мұрын, тамақ ауруларына операция жасауға бейімделген. Сонымен қатар науқастарды тасымалдауға және төтенше жағдай кезінде мобильді медициналық орталық ретінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Мұндай формат табиғи апаттар мен медициналық инфрақұрылымы әлсіз өңірлерде ерекше тиімді.

Сүндетқали Қалмаханов, Әл-Фараби атындағы ҚАЗҰУ, Медицина және денсаулық сақтау факультетінің деканы:

- Мұндай жабдықталған ұшақтардың басты мақсаты – тұрғындарға жергілікті жерде қызмет көрсету, амбулаторлық деңгейде ота жасау. Өзіміз жаңа көріп шыққандай бұл ұшақ толықтай жабдықталған.Мысалға айтқанда, Қазақстанның кез келген аймағына ұшып барып, сол жердегі жергілікті халыққа көмек көрсетуге толыққанды мүмкіндігі бар.