Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады
Павлодар облысында бұрқасын жел 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күшейеді, кей жерлерінде көктайғақ күтіледі. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, түнде бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, жел 15-20 м/с күтіледі. Ақмола облысында жел екпіні 25 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с , күндіз екпіні 25 м/с күшейеді.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау, күндіз Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, түнде Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысында жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерінде бұрқасын болады.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде бұрқасын, түнде кей жерлерінде жел 18 м/с күшейеді. Күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.