Хабар телеарнасы

Дауыл : соңғы жаңалықтар

Еліміздің бірқатар облысында дауылды ескерту жарияланды

Еліміздің бірқатар облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның кей облысында дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктердің хабарлануынша, бүгіннен бастап 26 қарашаға дейін Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің екпіні секундына 15-25 метрге дейін жетеді.

Еліміздің бірқатар аймағында тұрақсыз ауа райы сақталады

Еліміздің бірқатар аймағында тұрақсыз ауа райы сақталады

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның кей жерлерінде найзағайлы жаңбыр жауады, бұршақ болуы мүмкін, дауыл болады, жел күшейеді. Республиканың солтүстік, солтүстік-батысында түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі. Республиканың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде  және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың батыс, оңтүстік-шығыс, шығыс және оңтүстік аймақтарының кей жерлерінде жауын шашын күтіледі. Кей жерлерде тұман күтіліп, желдің күшеюі сақталады, батыстың кей жерлерінде көктайғақ болады.

Қазақстан аймақтарының тұрақсыз ауа райы сақталады

Қазақстан аймақтарының тұрақсыз ауа райы сақталады

Қазақстан территориясының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталып, атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын болады. Республиканың оңтүстік-шығысында тау және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын күтіледі.