
«Кеш жарық» – сенбі кешінде эфирге шығатын көңілді музыкалық-ойын-сауықтық қоғамдық шоу. Жобаның басты мақсаты – мерекелік атмосфера қалыптастырып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлау.
Бағдарлама барысында танымал өнер иелерімен қатар еліміздің әр өңірінен түрлі мамандық иелері, еңбек адамдары, зиялы қауым өкілдері, мәдениет қызметкерлері мен қоғам қайраткерлері шақырылып, өздеріне, отбасына, жұмыс орнына немесе туған жеріне қатысты қуанышты жаңалықтарымен бөліседі. Танымал өнер иелері ән шырқап, би билейді.