Еліміздің бірнеше аймағында 36 градус аяз болады
16-18 желтоқсанда Жамбыл облысында жауын-шашын күтіледі (жаңбырдың соңы қарға айналады), тұман түсіп, көктайғақ болады, 16 желтоқсанда күндіз, 17 желтоқсанда тәулігіне батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын жел кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с аса күтіледі, температура түнде 0,-5 жылыдан 13-18 аязға дейін, күндіз 12-17 жылыдан 3-8 аязға дейін күрт төмендейді.
16-18 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын күтіледі (жаңбырдың соңы қарға айналады) 16 кешке, 17 желтоқсанда түнде және таңертең кей жерлерде қатты жауын-шашын болады, тұман түсіп, көктайғақ күтіледі, 17 желтоқсанда түнде оңтүстік-батыстан соғатын жел 15-20, екпіні кей жерлерде 23-28, таулы өткелдерде 30 м/с аса күтіледі, ауа температурасы түнде 2-7 жылыдан 12-17 аязға дейін, күндіз 12-17 жылыдан 1-6 аязға дейін күрт төмендейді.
16-18 желтоқсанда Қызылорда облысында жауын-шашын күтіледі (жаңбырдың соңы қарға айналады), тұман, көктайғақ болып, батыстан соғатын жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейіп, ауа температурасы түнде 3-8 аяздан 15-20 аязға дейін, күндіз 0-5 жылыдан 12-17 аязға дейін күрт төмендейді.
16 желтоқсанда күндіз, 17-18 желтоқсанда тәулік бойы Алматы облысында жауын-шашын күтіледі (жаңбырдың соңы қарға айналады), тұман, көктайғақ болады, 17 желтоқсанда батыстан соғатын жел кей жерлерде 15-20, екпіні 25, кей уақытта 30 м/с аса күтіледі, ауа температурасы түнде 3-8-ден 13-18 аязға дейін, күндіз 12-17 жылыдан 6-11 аязға дейін күрт төмендейді.
16-18 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қар жауып, бұрқасын, көктайғақ күтіледі, 17 желтоқсанда оңтүстік-батыстан соғатын жел 15-20, екпіні кей жерлерде 23-28, күндіз 30 м/с аса күтіледі, ауа температурасы түнде 2-7-ден, кей жерлерде 10-15 аяздан 15-20-ға кей жерлерде 25-30 аязға дейін күрт төмендейді.
16-18 желтоқсанда Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде қар жауып бұрқасын күтіледі, батыстан соққан жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейіп, ауа температурасы түнде 23-28 аязға дейін, 18 желтоқсанда 28-33 аязға дейін күрт төмендейді.
16-18 желтоқсанда Қарағанды облысының кей жерлерінде қар жауып, бұрқасын болып, батыстан соққан жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейіп, ауа температурасы түнде 18-23-тен 31-36 аязға дейін күрт төмендейді.