Еліміздің басым бөлігінде қар жауып, жел соғады
Атмосфералық фронттардың ықпалынан, облыстардың көбінде қар жауып, бұрқасын тұрып, қатты батыс желі 15-25 м/с дейін көтеріледі, оңтүстік облыстардың кей жерлеріне сулы қар жауып, көктайғақ пен тұман күтіледі.
Ауа температурасы 2016 жылдың 31 желтоқсанында – 2017 жылдың 4 қаңтарында Қазақстанда:
батыста түнде 1-10ºС аяз, күндіз 5ºС аяз-5ºС жылы;
солтүстік-батыс пен солтүстікте түнде 5-15ºС, күндіз 2-10ºС аяз;
орталықта түнде 7-12 ºС, кей жерлерде 18-23 ºС аяз, күндіз 2-12ºС аяз;
шығыста түнде 8-18-ден 3-15ºС дейін аяз, күндіз 3-15-тен 0-5ºС дейін аяз, кей жерлерде 8ºС аяз;
оңтүстікте 5-10ºС, кей жерлерде 13ºС аяз, күндіз төмендеп, 5-10ºС жылы, кей жерлерде 2-7 ºС аяз 0-5 ºС аяз, кей жерлерде 5 ºС аяз;
оңтүстік-шығыста түнде 2-13ºС аяз, күндіз 0-5ºС жылы, кей жерлерде 3-8ºС аяз күтілуде.
Астана қ.: бұлтты, кей кезде қар жауып, боран соғады. Оңтүстік-батыс желінің екпіні 15-20 м/с, 1-2 қаңтарда 25 м/с дейін күшейеді. Температура түнде 6-11ºС аяз, күндіз 2-7ºС аяз.
Алматы қ.: 31 желтоқсан-1 қаңтар жауын-шашынсыз, 2 қаңтарда күндіз аздап жауын-шашын болып, 3, 4 қаңтарда түнде қар жауып, тұман басады. Жел 0-5 м/с. Температура түнде 2-7 аяз, күндіз 0-5 жылы, 4 қаңтарда 0-5 аяз күтіледі.
Ескертеміз, 1-2 қаңтарда Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында дауылдық ескерту жарияланғандығын ескертеміз. Бұрқасын, оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20, екпіні 25, кей жерлерде 30 м/с аса күтіледі.
Ақмола облысының таңертең және күндіз 31 желтоқсанда бұрқасын, оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.