Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман болып, түнде жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында, түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман болады. Оңтүстік Қазақстан облысында, күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.
Астана қаласында аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Ауыспалы жел 2-7 м/с күшейеді. Ауаның температурасы түнде -21-23°С, күндіз -11-13°С болады.
Алматы қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде тұман болады. Желдің күші 0-5 м/с. Ауаның температурасы түнде -11-13°С, күндіз -1-3°С болады.