Аптаның басында ауа райы елімізде кезектесіп тұрған атмосфералық фронттар мен антициклонның ықпалында болады. Сондықтан ауа райы көбінесе жауын-шашынды болуы ықтимал. Батыс және орталық облыстарда ауа температурасы жоғарылайды деп күтілуде. Ал солтүстік аймақта төмендеп, шығыс және оңтүстікте жоғарылауы ықтимал. Жалпы алдағы уақытта күн қайта суытады.