Ақпан айына арналған ауа райы болжамы
3-6 ақпан кезеңінде және айдың ортасында Қазақстан аумағы бойынша Ресейдің Еуропалық бөлігі аудандарынан суық антициклонның ауысуы бұлттардың сейілуін және температураның төмендеуіне алып келеді.
Нәтижесінде айдың орташа ауа температурасы Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында және Қарағанды облысының басым бөлігінде климаттық мәндер шегінде, ал республиканың қалған бөлігінде нормадан 1°С-қа төмен болады.
Айлық жауын-шашын көлемі Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, сондай-ақ Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде нормадан төмен; қалған аумақта норма шегінде болжанады.