Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын, тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі
Қарағанды, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-23 м/с күшейеді.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23, екпіні 28 м/с болады.
Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, облыстарының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.