Қазақстанның басым бөлігінде желдің күшеюі күтіледі
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, түнде кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз жел 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с болады.
Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіліп, жел 15-20 м/с күшейеді, Қостанай облысында желдің екпіні 23 м/с болады. Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Алматы облысының кей жерлерінде тұман бақыланып, Жалаңашкөл аауданында жел 17-22 м/с болады. Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп шаңды дауыл болады. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.