Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын, тұман, көктайғақ болып, желдің күшеюі күтіледі
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіліп, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Павлодар облысында кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын жел 15-20 м/с болады.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман күтіледі жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысында түнде кей жерлерінде жел 15-20 м/с болады. Ақтөбе облысының кей жерлерінде-тұман, көктайғақ, түнде желдің күшеюі 18 м/с күтіледі.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде-тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі. Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде кей жерлерде тұман күтіледі.
Оңтүстік Қазақстан облысында күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде кей жерлерде тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, күндіз жел 15-20 м/с болады.