Хабар телеарнасы

Павлодарда дауылдың салдары жойылып жатыр

Кешегі дүлей дауылдан Павлодар облысында 76 нысанның шатыры мен төбесі зақымданған. Оның 14-і әлеуметтік мекемелер. Ал қалалық саябақта 60 жылдай өсіп тұрған қарағай ағашы Лениннің ескерткішіне құлапты. Салдарынан 1928-ші жылы орнатылған мүсін үгітіліп, ұсақ бөлшектерге бөлініп кеткен. «Қалпына келтіруге жарамайды», - дейді мамандар. Қалалық әкімдік ондағы араб әрпімен жазылған бірегей жазуы бар тақтаны музейге тапсырмақ. Өңірде табиғат апатынан келген шығын есептеліп жатыр. 18 елді мекенде электр желілері қалпына келтірілуде. Апаттық бригадалар көшелерді  құлаған ағаштардан тазартып жатыр. Қатты зардап шеккен аудандарда төтенше жағдай жариялануы мүмкін.

Светлана Гладышева, Павлодар қаласы әкімінің орынбасары:

- Мүсіннің өзі қирап қалған. Тұғырына да зақым келген. Келесі аптада оны бұзуға шешім қабылданады. Айта кету керек, ескерткіште 1928 жылы Ленин туралы араб қарпімен жазылған бірегей жазба бар. Ол Қазақстан бойына жалғыз тақта. Сондықтан біз музейге тапсыратын боламыз.  

Асқарбек Омаров, облыстық ТЖД жедел басқару орталығының бастығы:

- Құрметті қала және облыс тұрғындары дауылды ескерту бойынша сегізінші қараша түнде Павлодар облысының батысында, солтүстігінде және шығысында түнде қарлы боран күтіледі. Оңтүстік батыстан соққан жер 15-20 м/с. Түнде екпінді жел 23-28 м/с жетеді. ТЖД сақтыққа шақырады. Өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыз.