Қазақстан Азия ойындарына 559 спортшымен барады

  • 3
  • 18.09.2026, 18:44

19 қыркүйекте Жапонияда 20-шы жазғы Азия ойындарының жалауы желбірейді. Дүбірлі додада 43 спорт түрінен 469 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Оған сары құрлықтың 45 елінен 15 мыңға жуық атлет қатысады. Қазақстан құрамасы спорттың 35 түрінен сынға түсіп, 559 отандасымыз ел намысын қорғайды. Жарыстың ресми ашылу салтанаты Нагоя қаласында өтеді.