Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы атанды

Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы атанды
  • 5
  • 14.09.2026, 18:48

Оның еншісінде дәл қазір 9901 ұпай бар. Ал 99 апта бойы көшбасшылықты ешкімге бермеген Арина Соболенко 7875 ұпаймен екінші орынға сырғыды.

Жерлесіміз Беларусь теннисшісінен 2026 ұпайға озып тұр. Бұл Рыбакинаға алдағы турнирлерде әлемнің бірінші ракеткасы мәртебесін сақтап қалуға тамаша мүмкіндік.

Еленаның US Openдегі жүлдесі мансабындағы 3-ші «Үлкен Дулығасы». Бұған дейін 2022 жылы Уимблдонда топ жарса, 2026 жылы Australian Open турнирін жеңіп алды.