Байрақты додада 43 спорт түрінен 469 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Оған Азияның 45 елінен 10 мыңнан аса атлет қатысады деп күтілуде. Ал Қазақстан құрамасы спорттың 35 түрінен сынға түсіп, ел намысын 571 отандасымыз қорғайды деп жоспарланып отыр. Жарыстың ашылуында саңлақтарымызды Олимпиада чемпионы Елдос Сметов бастап, көк туымызды ұстап шығады.
Елдос Сметов, Олимпиада чемпионы:
- Мен үшін тарихи күн болып тұр. Бір жағынан жауапкершілігі өте жоғары. 20-шы Азия ойындарында еліміздің көк туын ұстап шығу мәртебесі маған бұйырып тұр. Мұндай сәт спорттық жолымда бірінші болып жатыр. Өйткені бұған дейін 3 Олимпиада ойындарына қатыстым. Мынау менің 3-ші Азия ойындарым.