Еліміздің кейбір жерлерінде тұрақсыз ауа райы сақталады
Кей жерлерде тұман болып, жаяу бұрқасын мен желдің күшеюі күтіледі.
Алматы облысында Жалаңашкөл ауданында 18-23 м/с, екпіні 28 м/с, кей жерлерінде түнде тұман күтіледі.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіліп, жел 18 м/с жаяу бұрқасынмен күшейеді.
Қызылорда, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, Солтүстік-Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, Атырау облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.