18:00Эфирде: Мегахит «Ограбление по-американски»
×

Ескерту

JUser: :_load: Келесі ID-ге ие қолданушыны жүктеу мүмкін болмады: 94
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Қыс қаһары қайтар емес

  • Категория: Ауа райы

Ақпанның ақтүтек бораны солтүстікқазақстандықтарды әбігерге салуда. Өткен тәулікте ауа райы қолайсыздығынан өңірдегі Айыртау, Есіл, Ғабит Мүсірепов және Қызылжар аудандарында қатты жел тұрып, облыстық маңыздағы жолдарда сегіз қар кептілісі тіркелді.

Құтқарушылардың көмегімен қар құрсауынан 164 адам босатылды, оның 16-сы – балалар. Абырой болғанда жолаушылардың барлығы дін аман. Ауыларалық жолдар да қардан аршылды.

Евгений Журавлев, облыстық ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы:

-Жүргізушілер ескертуді елемей жолға шығады. Салдарынан діттеген жерлеріне жете алмай, айдалада қалып жатады. Сондықтан сақтық шаралары басты назарда болуы керек. Қазір аймақта ауа райы тұрақталып, барлық бағыттағы жолдар ашылды.

Сондай-ақ...