Риддерде 14 жастағы қыз өзенге ағып кетті
Риддер қаласының маңындағы таулы аймақта саяхаттап жүрген 14 жастағы қыз мерт болды.
ТЖД ақпаратына сәйкес 20 адам тау ішіне серуенге аттанған. Оқушы Күркіреуік өзенін кесіп өтер кезде аяғы тайып, ағын суға құлап кеткен. Қасындағылар қанша тырысса да көмек көрсете алмапты. Өйткені сарқырап жатқан су оны лезде ағызып әкеткен.
Құтқарушылар бірнеше сағаттан соң ғана марқұмның денесін алып шықты. «Тауға, орманға саяхаттаудың аса қауіпті екенін жаз басталғалы ескертіп келеміз. Алайда құлақ асқандар аз»,- дейді мамандар.