Хабар телеарнасы

Іле Алатауында сел жүру қаупі әлі де жоғары

Оған күннің ысуы мен кейбір мұздықтағы көлдердің тұрақсыз жағдайы себеп болған. Әсіресе Талғар өзенінің жоғарғы ағысында орналасқан нөмірі 19-шы табиғи су қоймасы мамандарды алаңдатып отыр. Осыған байланысты Талғар өзені бассейнінде жергілікті сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Шатқалға кіретін жол жабылды. Халыққа ондағы қауіп туралы ескертіліп жатыр.

«Қазселденқорғау» мамандары осы жылдың мамыр айында көлдің көлемі күрт өсіп, қауіп күшейгенін хабарлаған. Үш айдан бері мұнда судың деңгейін азайтып жатыр. Әсіресе су қоймасының бекітілген тұсына алаң көп. Ол жердің суықтығына қарамастан көптеген жарық пен жерасты үңгірлері пайда болған. Мыңжылдық мұздардың өзінде өзгеріс болған. Суы лайланып, сұр түске енген. Көл тәулік бойы бақылауда. Бейнебақылаудан алынған фотосуреттер онлайн-режимде назарда тұр.

Дәурен Азаматов, Алматы облыстық  ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы:

- 19-шы мореналық көлде жүргізіліп жатқан сифон мен суларды түсіру барысында 3 сифон болған. Бүгінгі таңда тағы 4-ші сифонды қостық. Ол деген тез мұздықтардың еруіне байланысты, мореналық көлдердің толығуына байланысты 4-ші сифонды қосып, суларды түсіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.